🔹 Шу ауданының білім бөлімінің Жиделі бастауыш мектебінде 7 - мамыр Отан қорғаушылар күні атап өтілді.
🔹 Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
🔹Ұрпақтың тыныш ұйқысы мен алаңсыз күлкісіне қорған, Туымызды көкке көтерер айбынды ерлеріміздің абыройы асқақ болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мемлекетіміздің іргесі мығым болғай!