Наурыз – табиғаттың жаңаруымен қатар, халықтың бірлігін арттырып, ынтымақ пен берекені дәріптейтін ұлы мейрам. Осыған орай, Жиделі бастауыш мектебінде «Армысың, әз- Наурыз» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты:
⚜️Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
⚜️Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны,наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
⚜️Наурыз мерекесін ұлттық салт- дәстүрімізбен,әдеп-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Наурыз – барша халықты бірлік пен татулыққа үндейтін мейрам. Осы күннің шуағы әр отбасыға молшылық пен береке әкелсін! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!🌸