Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз салт-дәстүрін, мәдениетін сақтай отырып, еліміздің өркендеуіне үлес қосуда. Осындай бейбіт өмір – ең алдымен бірлік пен өзара сыйластықтың жемісі.
1 мамыр – халықтардың тіліне, дініне, ұлтына қарамай, барлығын біріктіретін, достық пен ынтымақты дәріптейтін күн. Бұл – бізді бір шаңырақ астында біріктіретін үлкен құндылық.