Бүгін, «Наурызнама» онкүндігінің бесінші күні, яғни 18 наурыз – Ұлттық киім күні.
Наурызнаманың бұл күні - «Ұлттық киім күні» деп аталды. Ұлтымыздың ұлылығын айшықтайтын ұлттық киім әрқашан өз құндылығын жоғалтқан емес.
Қазақы ою мен әшекейлер, сәукеле мен кимешек, шапан мен кең етекті көйлек ұлттық болмысымызды ерекшелеп тұратыны анық.
«Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі», – деп ұлы адамдар бекер айтпаса керек. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрі де, үлгісі де әсемдігімен ерекшеленеді.